Ер қаруы – бес қару
«Жауды жеңген батырды қаруынан таны»

«Бес Қару» – бес түрлі қару деген мағына береді. Ал, оның астарына үңілетін болсақ, мынадай сұрақтарға жауап іздеріміз хақ: Қару дегеніміз не? Қарудың қандай түрлері бар? Қару кісі өлтіру үшін жасалған ба әлде, ол тек қана қорғаныс құралы ма? Ол зат па жоқ, әлде, басқа дүние ме? Біздің түсінігімізде, бес қару дегеніміз адамның әбден пісіп-жетілген, кемеліне жеткен бес қасиеті. Олар – рух, күш, еңбекқорлық, мақсатшылдық және махаббат.

«Бес Қару» Ассоциациясы – «Джиу-джитсу Профи Файт», «Қазақша Төбелес», «Ат спорты индустриясы» федерацияларын, «Саяхат әлемі» ғылыми-танымдық журналын қамтитын және Қазақстан Республикасының Көркемөнер академиясымен тығыз ықпалдастық ететін республикалық көпсалалы бірлестік. Ол жекпе-жек өнерін, қару-жарақ этнографиясы мен халқымыздың мәдениетін жаңғырту үшін құрылған. «Бес Қару» қағидасының негізінде әлемді жоғары мұраттар үшін өз өмірін кез келген сәтте құрбан етуге дайын ержүрек жауынгердің көзімен көрсетуге деген талпыныс жатыр. Кез келген халықтың қуаттылығы мен гүлденуінің негізінде тек дене күші ғана емес, батырлық рух пен өз отанына деген сүйіспеншілік жатқанын тарих көрсетіп отыр. Дәл осы қасиеттер ата-бабаларымызға санының аздығына қарамастан, Каспийден Алтайға дейін құлашын кеңге жайған туған жерін сатып қалуға көмектескен.

Ассоциация президенті Дәурен Мұса «Бес Қару» сияқты құрылымның пайда болу қажеттілігі мен заңдылығын былай түсіндіреді: «Мемлекетті мықты ететін мықты халқы. Сондықтан әрбір ұрпаққа өзінің батырлары керек. Алайда олар тек адамдар өз халқының, туған елінің тарихын, оның қорғаушыларын жадыларында сақтағанда ғана пайда болады. Тәуелсіз Қазақстанға ұлай-ғайыр дарқан даласын қорғау үшін, жерімізді ілгерідегі батырларымыз аманат еткендей етіп, көзіміздің қарашығындай сақтау үшін мықты қорғаушылар керек. Бұл туралы естен шығаруға болмайды. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер».

© «Бес Қару» Ассоциациясы, 2010. Барлық құқықтар заңмен қорғалған.