Ер қаруы – бес қару
Қазақша Төбелес

«Қазақша Төбелес» дәстүрін жаңғырту «Бес Қару» Ассоциациясы қызметінің бір көрінісі ретінде

Жекпе-жек өнерін игеру көптеген халықтарға тән кәдімгі төбелес пен жұдырықтасудың бір түрі. Әскери іс-қимылдар жаудың көзін жоюды көздейді. Ал, төбелес, жұдырықтасып төбелесу мен жекпе-жектің одан көп айырмашылығы бар. Мысалы, жекпе-жекке шыққан адам өзінің шеберлігін көрсете білуі тиіс және ол белдескен серіктесіне мүмкіндігінше зиян келтірмеуге тырысады. Мұнда «дұшпандар» мен «қарсыластар» болмайды. Ол тек достар мен үзеңгілестердің сайысы.

«Қазақша Төбелес» жауынгерлік рух пен деннің саулығы үшін, шеберлігіңді тексеріп, өз отбасың, жақын-туыстарың мен Отаныңды қорғауға дайын болуың үшін қажет. Ал, күшті адам ешқашан әлсізге әлімжеттік жасамайды! Оған қоса, жекпе-жектің бұл түрін меңгерген адам қарусыз да қорғана алады. Мұндай тәрбие алған адам кез-келген жағдайда өз-өзіне сенімді болары хақ.

«Қазақша Төбелестен» өтетін жарыстар жасөспірімдердің өз-өзін танып, шамасын байқап көруге көмектеседі. Сол арқылы олар күшті болып қана қоймай, кез-келген жағдайдан «төбелессіз» шыға білетін тапқыр дипломатқа айналады! Халық даналығы: «Төбелестің алдын-ала білген адам үлкен жеңіске жеткен адам» дейді. Сол сияқты, ол сенің өз-өзіңді, бойыңдағы жаман қылықтар мен жаман ойларды жеңуіңе көмектеседі. Осының бәрі де «Қазақша Төбелестің» табиғатына тән қасиеттер!

«Бес Қару» Ассоциациясы «Қазақша Төбелестің» халықтық дәстүрлерін жаңғырта және дамыта отырып, республикалық және халықаралық маңыздағы көптеген жарыстар ұйымдастырды. Олардың қатарында Лас-Вегаста, Алматы мен Атлантик-Ситиде өткен «Қазақша Төбелестен» үш әлем чемпионаты бар.

© «Бес Қару» Ассоциациясы, 2010. Барлық құқықтар заңмен қорғалған.