Ер қаруы – бес қару
Жаңалықтар
Шеберлер командасы

«Royal Tulip Almaty» қонақүйінде танымал бизнесмен әрі қоғам қайраткері Дәурен Мұсаның төрағалығымен өз басқаратын «Бес қару» федерациясының жиналысы болып өтті. Онда өткен жыл қорытындыланды.

«Бес Қару» федерациясы – «Джиу-джитсу Профи Файт», «Қазақша Төбелес», «Ат спорты индустриясы» федерацияларын, «Саяхат әлемі» журналын қамтитын және Қазақстан Республикасының Көркемөнер академиясымен тығыз ықпалдастық ететін республикалық көпсалалы бірлестік. Жиналыста федерация өкілдері өткен жылдың нәтижелері туралы айтып, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Сөз сөйлегендер ішінде «KIT Group» компаниясының басқарушы директоры Владимир Ширин, «Бес қару» федерациясының вице-президенті Асхат Қаратабанов, «Джиу-джитсу Профи Файт» федерациясының вице-президенттері Қанат Тілеуімбетов пен Бақытжан Байсалбаев, «Жаңа инновациялық технологиялар» ҮЕҰ басшысы Александр Корнев, «Саяхат әлемі» журналының шеф-редакторы Владимир Какаулин болды.

Осы жиналыстың ерекшелігі және көркін кіргізген сәт – «Джиу-джитсу Профи Файт» федерациясының атынан өнер көрсеткен джиу-джитсудан әлем чемпиондарына құрмет көрсету болды. Олар Суздаль мен Польшадағы әлем чемпионаттарында, Алматыдағы ашық Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрініп, қоржынымызды алтынға толтырған болатын. 

Федерация президенті Дәурен Мұса өз шәкірттеріне алғыс айтып, оларға қарата былайша сөз сөйледі: «Біз күрделі, алайда бақытты кезең – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Бұл бір сәттік қуаныштар үшін өмір сүру немесе өз ойларымыз бен істерімізді Отанға қызмет етуге және жоғары мұраттарға арнау керектігін таңдайтын кезең. Мен федерациямыздың тұтас әлем чемпиондарының тобын, ержүрек батырларды, шағын шеберлер командасын тәрбиелей алғанын мақтан тұтамын. Әрине, тер төгіп қол жеткізген жеңістер құрмет пен тамсануға лайық. Алайда бастысы – өздерінің ерліктерімен және батылдықтарымен спортшыларымыз қазақ жерінің бұрынғыша өз ата-бабаларының ерлікке толы дәстүрлерін жалғастыратын батырларды туғыза алатынын дәлелдеді. 

Өздерінің жеңімпаз атанған құрдастарына қарап, таңдау алдында тұрған жас қазақстандықтар бұрынғыша абырой, ар, ерлік сияқты ұғымдардың тірі екенін түсінетін болады. Шынайы  жеңістерге жетелейтін қасиеттер осылар».

Ерлік, абырой мен қаһармандық үшін өз президентінің қолынан құнды сыйлықтарды Азия, ТМД және әлем чемпиондары: Темірлан Айсадилов, Асу Алмабаев, Бекбай Бекұлан, Мақсат Бұқабаев, Қанат Жақыпбаев, Шыңғыс Қасымов, Ерлан Тілеуімбетов, Нұрлан Тілеуімбетов және екі аруымыз – Ақжарқын Байтұрбаева мен Альбина Жақыпова қабыл алды. Спортшылармен бірге марапаттар олардың тәлімгерлеріне де – «Джиу-джитсу Профи Файт»  федерациясының вице-президенті Қанат Тілеуімбетов пен құраманың бас бапкері Мейіржан Қашағановқа табысталды. 

Жиналыста құрметті қонақтар: «Қазақпарат» АА Алматы қ. тілшілік бюросының басшысы Сара Мұстафина және «Бүкіл әлем сенің құзырыңда» көркем фильмінің (Дәурен Мұса мен Арманд Ассанте продюсерлік еткен сегіз голливудтық жұлдыз қатысатын фильмнің әлемдік тұсаукесері келіп жеткен жылда барлық қазақстандық киносүйер қауым үшін үлкен сыйлық болмақ) режиссері Саламат Мұхаммед Әли де сөз сөйледі. Жас спортшылар таэквондо бойынша аты аңызға айналған чемпион, бүкіл Орта Азия бойынша 6-шы данды қара белбеудің иесі, Қазақ спорт және туризм академиясының доценті Светлана Канның сөзін ерекше ықыласпен тыңдады.

Жиналысқа сондай-ақ биология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биофизика кафедрасының профессоры Виктор Инюшин мен «Айко-Инвест» ЖШС бас директоры Бақытжан Бектепов қатысты. Олар  В.М. Инюшин бастаған қазақстандық биофизиктердің «гидроплазманы» (табиғи судағы еркін бөлшектердің айрықша құрылымы) ашуы биоплазмалық генераторларды пайдалана отырып, гидроплазманы жаңарту технологиясының нәтижелері туралы айтып берді. Ағзаның биоэнергетикалық құрылымындағы басты зат болып табылатын мұндай «тірі» су көптеген ауруларға және техногенді ортаның жағымсыз әсеріне қарсы күресте көмектесіп қана қоймай, спортшыларға сергектік сыйлап, қуаттарын асырады.

Өзінің қорытынды сөзінде «Джиу-джитсу Профи Файт» федерациясының вице-президенті, Қазақстан құрамасының көп жылдан бергі тәлімгері Қанат Тілеуімбетов барлық спортшылар мен бапкерлердің атынан «Бес қару» федерациясына қазақстандық спортшыларға көрсететін қамқорлығы үшін алғыс білдірді: «Барлығы ниеттің түзулігінен басталады. Адамның қолынан шыққан кез келген іс оның ниеті түзу болса ғана өрге басады. Барлық спортшыларға, бапкерлерге және бүкіл Қазақстан халқына келіп жеткен 2014 жылы ниеттің тазалығын тілеймін».

© «Бес Қару» Ассоциациясы, 2010. Барлық құқықтар заңмен қорғалған.