Ер қаруы – бес қару
Жаңалықтар
Болашақты бірге жасайық

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы қазақстандық қоғамға үлкен ой салды. Алматыда танымал бизнесмен және қоғам қайраткері Дәурен Мұсаның төрағалығымен «KIT Group» компаниялар тобы мен «Бес қару» федерациясының жиналысы болып өтті. Онда Елбасы алға қойған бірінші кезектегі міндеттер талқыланды.

Жер қойнауын пайдалану инвестицияларымен байланысты компаниялар, «Джиу-джитсу Профи Файт», «Ат спорты индустриясы», «Қазақша төбелес» федерацияларын, «Саяхат әлемі» ғылыми-танымдық журналын қамтитын «Бес қару» бірлестігі құрамына кіретін көпсалалы холдинг жиналысын оның президенті Дәурен Мұса қорытындылады.

Ол «Ұлан-ғайыр елімізді мекендеген барша қазақстандықтардың бір ғана болашағы бар, ол - «Қазақстан жолы-2050», - деп атап өтті. «Ұлттық идеяны қалыптастыру және соған байланысты «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу міндетін көптеген жылдардан бері ұлттық спорт түрлері мен әскери ойындарды насихаттап, дамытумен айналысып жүрген «Бес Қару» федерациясы белсене қолдайды. Себебі касырлар бойы олар ата-бабаларымыздың бойына рухтылықты, ерік-жігерді, отанға деген сүйіспеншілік сезімін дарытты. Осының нәтижесі ретінде қазақстандық жастарға отанға қызмет ету мен шынайы отансүйгіштік танытуда үлгі болатын спорттық жекпе-жектер бойынша әлем чемпиондарының тұтас тобы тәрбиеленді».

«Инновациялық технологияларды енгізу негізіндегі қайта жаңғыртуды ілгерілету де аса маңызды міндет. «Біз «Байқоңыр» ғарыш айлағын сақтап қала алдық, ол ғарыштық технологияларымызды дамытуға септігін тигізбек. Ғылым және медицина саласында (оларға Жолдауда көп мән берілді) профессор В.Инюшиннің жетекшілігімен гидроплазманы - «таза суды» регенерациялаудың жаңа технологиясын әзірледік. Бұл отандастарымызға түрлі аурулармен және техногенді ортаның жағымсыз әсерлерімен күресуде өз көмегін береді», - деді Д. Мұса.

Сөзінің соңында Дәурен Мұса: «Бүкіл Қазақстан халқымен бірге біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында алдымызға қойылған мақсаттарды орындау үшін күш біріктіруіміз керек», - деді.

© «Бес Қару» Ассоциациясы, 2010. Барлық құқықтар заңмен қорғалған.