Ер қаруы – бес қару
Жаңалықтар
Қазақстандықтарға «спорт Оскарлары» тарту етілді

АҚШ-тың халықаралық жекпе-жек өнері академиясы президиуымының толық мәжілісінде 2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы спортты дамытуға елеулі үлес қосқандары үшін Құлыбаев Тимур мен Толғанбаева Гүлмираны «Спорт Оскары» сыйлығымен марапаттау туралы шешім қабылданды.

Тимур Құлыбаевтың басшылығымен республиканың Бокс федерациясы қазақстандық бокстың ілгерідегі атақ-даңқын қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Елдің барлық аймақтарында бокс орталықтары салынып, жаңартылды, жаңа спорттық нысандар көтерілді, ірі инвестициялар тартылды. Бокс, күрес, ауыр атлетика және дзюдо федерациялары кіретін Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы болып тағайындалып, Т. Құлыбаев федерацияның ресурстары мен мүмкіндіктерін бұқаралық спортты да, сондай-ақ жоғары жетістіктер спортын дамытуда да ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында жұмылдыра білді. Мамандарды даярлаудың бірыңғай жүйесінің ғылыми-әдістемелік базасы әзірленді, көпқызметті залдар ең заманауи қондырғымен және құралдармен жабдықталған, спорттық медицина орталығы құрылған.

Өз кезегінде Гүлмира Толғанбаева «Кәсіби жекпе-жек спорттық джиу-джитсу «Профи файт» ұлттық федерациясының» дамуына қомақты үлес қосты. Джиу-джитсудан қазақстандық федерацияның құрамасы 2012 жылғы Киевте өткен әлем чемпионатында таласқа түскен жеті алтынның алтауын жеңіп, ересектер арасында жалпы команадалық есеп бойынша бірінші орынды иеленді. Өткен жылы Суздальде өткен ересектер мен балалар арасындағы жекпе-жек (комбат) джиу-джитсудан IV әлем чемпионатында Федерация спортшылары 16 алтын, 7 күміс және 6 қола медальді жеңіп алды. Одан кейін Халықаралық спорттық джиу-джитсу қауымдастығы (ISJA) бастамасымен поляктың Явожно қаласында өткен VIII джиу-джитсудан әлем чемпионатында біз жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынды алдық, жекелей біріншілікте 7 алтын және 4 күміс медальді еншіледік. 2013 жылдың желтоқсан айында «Профи-Файт» джиу-джитсудан ашық Азия чемпионатында біздің спортшылар 12 алтынның 11-ін жеңіп алды.

«Спорт Оскарымен» марапаттау салтанаты жыл сайын Атлантик-Сити (АҚШ, Нью-Джерси штаты) қаласында өтеді және ұрыс өнері мен спорттық жекпе-жектер саласындағы елеулі халықаралық орқиғалардың бірі болып табылады. Беделді іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған танымал саясаткерлер, бизнесмендер, актерлер мен әйгілі спортшылар қатысады.

Қазақстанның атынан салтанатқа «Бес қару» федерациясының президенті, 2011 жылдың қорытындысы бойынша «Спорт Оскары» лауреаты атанған, Халықаралық жекпе-жек өнері академиясы президиуымының құрметті мүшесі болып табылатын Дәурен Мұса қатысты. Танымал бизнесмен және қоғам қайраткері қазақстандықтарға «Спорт Оскарының» берілуіне қатысты мынадай пікір білдірді: «АҚШ-тың Жекпе-жек өнері академиясы – бұл мәртебесі жекпе-жек өнері бойынша спорт конгресі болып табылатын ұйым. Және Академияның біздің екі азаматты осыншалықты жоғары дәрежелі сыйлықпен марапаттауы қазақстандық спорттық әлемдік деңгейдегі даму қарқынын көрсетеді».

© «Бес Қару» Ассоциациясы, 2010. Барлық құқықтар заңмен қорғалған.